«Биыл қажылыққа біраз адам бара алмайтын болды»
«Биыл қажылыққа біраз адам бара алмайтын болды»

Биыл қажылыққа біраз адам бара алмайды деген соң, біз Атлас Туризм компаниясының басшысы Маулен Қалдыбекұлы мырзамен сұхбаттасқан едік.

Сәлеметсіз бе, Маулен Қабдыбекұлы! Жалпы «Atlas tourism» компаниясы жайлы айтып өтсеңіз.

«Atlas tourism» қажылық жұмыстарын 2011 жылдан бері ұйымдастырып келеді. Жылдан жылға қажылардың саны өсуде. Былтырдың өзінде біздің компания 300-ден астам қажыларды апарып, аман сау алып келді. Барып келген барлық қажыларымыздың бізге деген алғыстарын білдіретін видео есептері көрем деушілерге біздің сайтта www.atlas.kz бар. Атлас Туризмнің негізгі мақсаты, адамдарды тек қажылыққа апарып келу емес, олардың сол жердегі жағдайын ыңғайластыру, денсаулығын бақылау.

Неге биыл қажылыққа біраз адам бара алмауы мүмкін деп жатыр? Жылда 5000-ға жуық квота алынатын болса, биыл Қазақстан Діни басқармасынан бізге келген ақпарат бойынша тек қана 3000 қажыға квота алынған. Сондықтан ниеті бар адамдарымыз тездетпесе, орындарымыз шектеулі.

Алайда соңғы кезде қажыларға жоғары деңгейде қызмет көрсетуге байланысты көптеген әңгімелер шығуда. Мысалы қымбат ақшаға барған қажылардың ол жердегі көрген қызмет деңгейі әдеттегіден жоғары болуы кейбір адамдарда наразылық тудыруда. Кондиционер, арнайы матрастардың қойылуы қажылық шарттарына сай емес деген әңгіме өрбуде, осыған өзіңіз не дейсіз? Сізде қандай қызметтер қарастырылған?

Біздің компанияның биылғы 2016 жылғы қаржы бағдарламамыз 3 түрге бөлінген:

1. Стандарт

2. Люкс

3. VIP

Аталып өткен «Стандарт» пакетінің бағасы 1.3 млн теңге. Рамазан айы соңына дейін төлегендерге арнайы жеңілдік жасаймыз. «Стандарт» пакет бұл эконом пакет емес, әдетте эконом пакетке Минада, Арафатта екі-үш мезгіл тағам, арнайы матрастар кірмейді. Ал біздің «Стандарт» пакетімізде 2-3 мезгілдік тағам және Минада қажыларымызға ыңғайлы болу үшін арнайы матрастарымыз беріледі. Ал қалған пакеттердің бағасы әлдеқайда жоғарылау, өйткені біз ең бірінші қажы туризм компаниясымыз, біз барлық сол Мекке және Мадинадағы барлық қажылық қызмет деңгейлерін зерттедік, cараптай келе кейбір ұзақ мерзімге шыға алмайтын, денсаулығына қатты сеніңкіремей бірақ қажылыққа барғысы келетін жандар, осындай жоғары деңгейдегі желдеткіші бар және бес жұлдызды қымбат мейрамханаларды таңдайды. Бұл қажылардың өз еркі және дінімізде бұған тыйым салынған ешбір шарт жоқ.

Ол жақта қажыларымыздың тамақтануы қалай?

Тағы бір атап өтетін жайт, ол жерде көп компаниялар Минадағы Арафаттағы тамақ мәселесін қарастырмайды, қажылар сол жақтағы берілген құдай тамақтан тамақтануға мәжбүр. Бұл дұрыс емес, өйткені басқа елдің тағамы да басқа, берілген тамақ жақпауы мүмкін, оны тіпті жей алмауы да мүмкін, оның үстіне денсаулығына да зиян келуі мүмкін. Біздің Атлас компаниясы осы жағын қарастырып, өзіміздің мәдениетімізге сай тағамдарға тапсырыс береді. Оған қоса біздің компания арнайы дәрігерлер қызметін де қарастырған. Біз 7-8 жылдың ішінде 3000-нан астам қажыларды Алланың құдіретімен аман-сау, өте көтеріңкі көңіл күйімен елге жеткіздік, менің ойымша бұл өте маңызды көрсеткіш.

Біраз қажылардан: «Бізді қонақ үйге апарды. Сосын туризм өкілдерін анда-cанда бір көргеніміз болмаса, барлық шарттарды сұрастырып өзіміз жасадық» деген шағым естідік. Жалпы Атлас ұжымы мамандары қажылық кезінде толықтай үлгере ма?

Қажылық сапарға шықпас бұрын қажыларымызға арнайы дәрістер ұйымдастырамыз. Әр қажыға бастан аяғына дейін қасында болатын жетекші таныстырылады. 25-30 адамға арнайы бір жетекші тағайындаймыз. Жетекшілеріміз бірнеше жылдық тәжірибесі бар мамандар, әр жетекші туралы atlas.kz сайтымыздан ақпарат ала аласыздар. Мысалы былтырдың өзінде қажылық сапарға мені қоспағанда, 15-тен аса жетекші, 4 орта ұйымдастыру басшылары және арнайы видео операторлар, дəрігерлер қызмет жасадық. Мұндай тәжірибелі әрі тек Алла ризашылығы үшін қажыларға қызмет жасайтын ұжым болудың өзі өте маңызды және биыл Алла қаласа біз ойлағаннан да жоғары қызмет көрсетеміз.

Маулен мырза сұхбатыңызға рахмет, барлық қажыларға айтар тілегіңіз?

Айтарым жағдайыңыз болса, алдымен зекет бер, содан кейін қажылықты өтеп кел дер едім. Қажы адамның жанында отырсаңыз мінезінен, байсалдылығынан, өмірге және мынау күрбелең дүниеге баппен, cабырмен қарайтыны ерекше байқалып тұрады. Қажылыққа барып келген адам кедей болып өлмейді дегенді естігенім бар. Кедейлік тек ақшамен есептелмейді, жақсы амалдарға, жақсы мінезге кедей болмайсыз деген ау деп түсінемін. Сіздердің Мəссаған.kz, kaskelen.kz ұжымына табыстар мен жақсылықтар тілеймін!

Алматы қаласы, Фурманова көшесі, N149, офис № 1+7 (727) 272 08 37 , +7 (727) 272 77 66 +7 (701) 633 04 00 , +7 (701) 222 78 79  info@atlastourism.kz

Астана қаласы, Достык көшесі, N1. +7 (717) 252 42 50  +7 (701) 744 66 77 info@atlastourism.kz Шымкент қаласы ул.Кадеева 44, уг. Байтурсынова +7 (725) 239 37 33, +7 (725) 221 44 56 +7 (778) 260 02 40 , +7 (777) 558 92 22 atlas_shymkent@mail.ru

Кызылорда қаласы ул Бокейхан, дом 61, офис 82  +7 (724) 223 84 33 +7 (707) 856 54 75 mtm_777@mail.ru

massagankzmassagankz
8 жыл бұрын 5779
0 пікір
Блог туралы
0
0 0 0 0 0